16:52, 22 Қазан 2015 | GMT +5
Тракторды айдап кетіп, аударып тастады - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық №2 сотының үкімімен Қараөзен ауылының тұрғыны ҚР ҚК 200-бабы 1-бөліміне (көлік құралын айдап кету) сәйкес айыпты деп танылып, ол бір жылға бас бостандығынан шектелді.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар жәбірленушіге келтірілген 30 мың теңге залалды өтейді. Сот үкім шығарған кезде оның шын көңілмен өкінгендігін және жастығын ескерді.
Сот талқысында белгілі болғанындай, сотталушы Н. деген азаматқа тиесілі «Беларусь» тракторын «рұқсатсыз» айдап кеткенімен қоймай, оны аударып тынған. Сөйтіп техника иесіне 30 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.