Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Трамадол Ланнахер» дәрісінің тіркеу куәліктері кері қайтарылды

АСТАНА.KAZINFORM– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Трамадол Ланнахер» дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарылғанын мәлімдеді.

дәрі-дәрмек
Фото: ДСМ

Комитет төрағасының бұйрығына сәйкес, Ресейдегі «OOO Bausch Health» компаниясына тиесілі «Tramadol Lannacher, қабықпен қапталған ретард таблеткаларының 100 мг және 150 мг дозаларының тіркеу куәліктері кері қайтарылған. Тіркеу куәліктері «Бауш Хелс» ЖШҚ-на (Ресей Федерациясы) тиесілі.

Комитет бұл шешімнің дәрілік заттардың сапасына, тиімділігіне немесе қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкессіздік анықталуына байланысты емес екенін атап өтті. Тіркеу куәліктерінің кері қайтарылуына компанияның тиісті бизнес-шешімі негіз болған.

2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімінде құрамында трамадол бар 7 дәрілік зат тіркелген. Олар үш өндірушіге тиесілі: Үндістанның Protech Biopharma Pvt. Ltd., Австрияның G.L. Pharma GmbH компаниялары және отандық өндіруші – «Химфарм» АҚ.

100 мг дозада құрамында трамадол бар бір ғана дәрілік зат тіркелген. Бұл Австрияның G.L. Pharma GmbH өндірген «Трамадол Ланнахер», инъекцияға арналған 100 мг/2 мл ерітіндісі.

Ал 150 мг дозадағы құрамында трамадол бар тіркелген дәрілік зат 2026 жылғы 13 тамыздағы жағдай бойынша жоқ.

Айта кетейік елде дәріхана көп, бірақ неге баға түспей тұрғанын жазғанбыз.