Трамп Ақ үйге оралған соң алғаш рет жаппай наразылық шаралары өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Америка қалаларында Дональд Трамптың саясатына қарсы либералды наразылық білдірушілер манифестацияға шықты. Бұл Трамптың президент лауазымына кіріскелі алғаш рет болып тұрған наразылық акциясы, деп хабарлайды ВВС.

Hands Off («тарт қолыңды») науқанын ұйымдастырушылар 50 штат бойынша 1200 жерде акция ұйымдастыруды жоспарлаған. Сенбі күні адамдар тобын Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Вашингтон сияқты қалалардан көруге болатын еді.
АҚШ-тың ірі қалалары тұрғындарының арасында Трампқа қарсылар көп.
Дегенмен, жария түрдегі наразылық шаралары кейінгі айларда көп болған жоқ. БАҚ-қа пікір білдіргендер бұның бірнеше себебін атап отыр. Америка қоғамының либералдық бөлігі мәдени соғыстан шаршаған, күйзеліске ұшыраған, олар өз әрекеттеріне жауап ретінде Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді.
Трамп импортқа жоғары кедендік тарифтерді енгізуі туралы жариялаған соң демонстрациялар көптеген елдерде өтті. Нақтырақ айтқанда, Лондонда, Парижде және Берлинде.
Вашингтондағы митингте Демократиялық партия атынан сайланған заң шығарушылар сөз сөйледі. Олар әсіресе Трампқа Илон Маск сияқты бай донорлардың ықпалы туралы айтты. Флоридалық конгрессмен Максвелл Фрост қалыптасқан жағдайды үкіметті миллиардерлер билеп отыр деп бағалады.
Осыған дейін Трамптың мемлекеттерге барлық салаларды қамтитын баж салығын енгізетінін хабарладық.
Today, across the country and around the world, tens of thousands of people turned out for what organizers say has been the single biggest day of protests against President Trump and his second-term policies and actions.
— PBS News (@NewsHour) April 5, 2025
In the U.S., more than a thousand rallies were planned in… pic.twitter.com/KgANR5t2Vd