Трамп әкімшілігі климаттық зерттеулерге бөлінетін қаржыны қысқартты
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Принстон университетіндегі климаттың өзгеруін зерттеуге бөлінетін федералды қаржыландыруды шамамен 4 млн долларға қысқартқанын жариялады, деп хабарлайды The New York Times.

Сауда министрлігінің мәлімдеуінше, бұл бағдарлама «асырылған және шындыққа жатпайтын климаттық қауіптерді ілгерілетеді» және америкалық жастар арасында «климатқа байланысты алаңдаушылықты» арттырады. Ведомство сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілерінен бастап мектептегі жоғары сынып оқушыларына білім беру бағдарламаларын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді.
Бұдан басқа, Пристондағы «Жаһандық жылыну салдарынан Жердегі судың қолжетімділігі қалай өзгереді» және «Жауын-шашын мен теңіз деңгейі сипатындағы өзгерістер жағалаудағы су тасқынына қалай әсер етуі мүмкін» тақырыптарында екі бес жылдық зерттеуін қаржыландыру тоқтатылады.
— Мұндай қойылымдарды қолдау үшін федералды қаражатты пайдалану әкімшілік басымдықтарына сәйкес келмейді. Бұл уақыт пен ресурстарды басқа мақсаттарға пайдалануға жақсырақ болар еді, — деп мәлімдеді министрлік.
Сауда министрлігінің бағдарламаларды қысқарту туралы мәлімдемесі федералды агенттіктер, соның ішінде NASA және Энергетика министрлігі өткен аптада Принстон университетінде ондаған ғылыми грантты тоқтататынын жариялағаннан кейін жасалды.
Бұған дейін АҚШ Гарвард-қа бөлінетін 2,2 млрд доллар мемлекеттік қаржыландыруды тоқтататынын жазған болатынбыз.