Трамп әкімшілігі Кубаға қарсы әскери күш қолдануды қарастырып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық шиеленіс күшейіп тұрған кезеңде Куба туралы пікір білдіріп, елде «жақын арада билік ауысуы мүмкін» екенін айтты, деп жазды Анадолы агенттігі.

Трамп әкімшілігі Кубаға қарсы әскери күш қолдануды қарастырып жатыр
Фото: АР

Fox News мәліметінше, Трамп бұл мәлімдемелерін Флорида штатында сөйлеген сөзінде айтқан және Кубаға қатысты пікірін әзіл сипатында жеткізген.

Ол Кубаны «жақын арада өз басқаруын қолға алуы мүмкін ел» деп атап, онда «бірқатар проблемалар бар» екенін қосқан.

— Біз Ираннан қайтып келгенде, біздің зымырандарымыз, мүмкін USS Abraham Lincoln, жағалауда якорь тастайды, сонда олар «Үлкен рахмет, біз берілдік» дейтін шығар», — деп мәлімдеді.

Оның сөзін тыңдап отырған залда күлкі естілген, алайда Ақ үй бұл мәлімдемелердің қаншалықты байыппен айтылғанын нақтылаған жоқ.

Бұған дейін, 13 сәуірде Трамп Иранға қатысты мәселелерден кейін АҚШ Кубаға да назар аударатынын айтып, елді «ұзақ жылдар бойы нашар басқарылып келеді» деп сипаттаған және Вашингтон кейінірек бұл мәселемен айналысуы мүмкін екенін жеткізген.

Куба президенті Мигель Диас-Канель бұған жауап ретінде АҚШ-тың ықтимал әскери әрекеті жағдайында елдің қарсылық көрсететінін мәлімдеді: «Егер бұл жағдай болса, қақтығыс болады, күрес болады. Біз қорғанамыз, қажет болса — өлеміз», — деді ол.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Кубаға қатысты 70 жыл күткен күннің тууы алыс емес екенін мәлімдеген еді.