Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті өзінің сауда саясатына қатысты Жоғарғы сот шешімін қарап шыққан соң, бұрын жарияланған 10 пайыздың орнына 15 пайыздық баж салығын енгізді, деп хабарлайды Kazinform.

Трамп АҚШ импортына жаһандық тарифтер туралы шешімін өзгертті
Фото: ТАСС

Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғандай, бұл шешімді «кеше шығарылған абсурдтық, нашар әзірленген және өте америкалық тарифтік шешімді мұқият, егжей-тегжейлі және толық қарастырғаннан кейін» қабылдады. 

– Мен, Америка Құрама Штаттарының Президенті ретінде, қазірден бастап, көпшілігі Америка Құрама Штаттарынан ондаған жылдар бойы ешқандай салдарсыз (мен келгенге дейін!) қашып келген елдерге 10% жаһандық тарифті толық рұқсат етілген және заңды түрде расталған 15% деңгейіне дейін көтеремін, - деді Трамп.

Ақ үй басшысы өз жазбасында тарифтердің «бірден» күшіне енетінін айтып, жаңа тариф деңгейі «толық рұқсат етілген» және заңды түрде расталғанын айтты.

Сонымен қатар АҚШ президенті алдағы бірнеше ай ішінде Трамп әкімшілігі жаңа, заң жүзінде рұқсат етілген тарифтерді анықтап, белгілейтінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ Жоғарғы соты Трамптың кейбір әлемдік тарифін заңсыз деп танығанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум