Трамп АҚШ Қаржы министрін жұмыстан шығарамын деп қорқытты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Федералдық қор жүйесін сынға алып, пайыздық мөлшерлеме бойынша жағдай жақсармаса, Қаржы министрі Скотт Бессентті жұмыстан шығарамын деп сес көрсетті. Бұл туралы The New Republic хабарлайды.

Трамп публично пригрозил уволить министра финансов США
Фото: investopedia.com

— Скотт, сен бұл жігітпен жұмыс істеуің керек. Оның психикалық проблемалары бар. Оның бірдеңесі дұрыс емес, — деді Дональд Трамп сәрсенбі күні Кеннеди орталығында сөйлеген сөзінде ФҚЖ төрағасы Джером Пауэллге сілтеме жасап.

АҚШ президенті Пауэлдің қабілетсіздігін атап өтті.

— Оны шағын ғимарат құрылысына 4 млрд доллар жұмсағаны үшін сотқа беру керек. Егер жағдайды тез арада дұрыстамасаң, мен сені жұмыстан шығарамын, түсінікті ме? Мен оның кеткенін қалаймын, Скотт! — деп жалғастырды Трамп.

Ақ үй басшысы Пауэлді бірнеше ай бойы қудалап, пайыздық мөлшерлемелерді төмендетпегені және Трамптың агрессивті экономикалық жоспарларына толықтай мойынсұнбағаны үшін жұмыстан шығарамын деп қорқытып келеді.

Қыркүйекте Федералдық қор жүйесі биылғы жылы көптен күткен пайыздық мөлшерлеменің төрттен бір тармаққа төмендейтінін жариялады. 

Соңғы жаңалықтар