Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп: АҚШ Ормуз бұғазын өз аумағы деп жариялауы мүмкін

АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ормуз бұғазын Америка Құрама Штаттарының аумағы деп жариялау ниеті бар екенін мәлімдеді.

Трамп: АҚШ Ормуз бұғазын өз аумағы деп жариялауы мүмкін
Фото: Report

Report мәліметінше, Ормуз бұғазы туралы бұл мәлімдемені америкалық көшбасшы Нью-Йорк штатындағы сөзінде айтқан.

— Қазір Иран ауыр жеңіліске ұшырап жатыр. Иранды түпкілікті жеңген кезде көп ұзамай Ормуз бұғазын АҚШ аумағы деп жариялаймын, — деді Трамп.

Айта кетейік, Исламабад Ормуз бұғазы төңірегінде жалғасып жатқан келіспеушіліктерге байланысты АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты шешу үшін күш салып жатыр.

Бұған дейін Пентагон 2025 жылғы АҚШ-тың әскери операциялары кезінде 150-ден астам бейбіт тұрғын қаза тауып, 240-тан астам адам жараланғанын ресми түрде мойындады.

Еске салайық, бұған дейін Трамптың Түркиядағы НАТО саммитінен кейін ұшағын ауыстырғаны туралы жаздық.