Трамп АҚШ пен Иранның екі апта ішінде келісімге келуі мүмкін екенін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Иран алдағы екі апта ішінде келісімге келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ пен Қытай арасындағы «көмір бәсекесі»: Трамп тағы да мәлімдеме жасады
Фото: foxbusiness.com

— Қазір біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Олар (Иран — ред.) өте жақсы мәміле жасағысы келеді және бізге қажетті нәрсенің бәріне келісуге дайын. Олар ядролық қарудан бас тартуға әзір, — деді америкалық көшбасшы.

Трамптың айтуынша, АҚШ келіссөздерде басымдыққа ие болып отыр, бірақ түпкілікті нәтижеге алдағы екі апта ішінде қол жеткізу қажет.

— Бұл толық жеңіс болады және ол өте жақын уақытта жүзеге асады. Сол кезде мұнай бағасы да бірден төмендейді, — деді ол.

Бұған дейін Трамп бірнеше рет АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісімге қол жеткізуге тараптардың жақын қалғанын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Трамптың Иранға қатысты саясаты республикашылдар арасында сынға ұшырай бастады.