Трамп АҚШ-та 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп 11 қараша мен 8 мамырды Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардағы Жеңіс күндері деп жариялады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Трамп АҚШ-та 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялады
Фото: АА

- Мен 8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні және 11 қарашаны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп өзгертемін, - деп жазды ол Truth Social-да.

Бұған дейін Вашингтонда 1945 жылы 25 сәуірде Германиядағы Эльба өзенінде кеңестік және америкалық әскерлердің кездесуі құрметіне гүл шоқтары қойылды.

Бұған дейін Kazinform 1942 жылдың 1 қыркүйегінде фашистердің Оралды қалай басып алуды жоспарлағаны туралы тарихтан мәлім фактілер туралы жазған болатын.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысты мәлімдеме жасады. 

Соңғы жаңалықтар