Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Трамп АҚШ-тың Ливанға қолдау көрсететінін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Ливан президенті Жозеф Аунмен кездесуде Вашингтонның Ливанға ауқымды қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.

ИИ сократил потери воды при орошении в Чили на 54%
Фото: elmaipo.cl

Жозеф Аун Вашингтонға Израиль мен Иран қолдауындағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы бірнеше айға созылған қақтығыстан кейін елдегі ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесінде АҚШ-тың қолдауына ие болу мақсатында барды. Бұл – Ливан президентінің Ақ үйге 2009 жылдан бергі алғашқы сапары.

– Бұл ел мен оның халқына әділетсіздік жасалды. Біз олардың лайықты құрметке ие болуына қол жеткіземіз. Ливанға өте үлкен қолдау көрсетеміз, – деді Дональд Трамп.

Алайда ол бұл қолдаудың нақты қандай форматта жүзеге асырылатынын нақтылаған жоқ.

Өз кезегінде Жозеф Аун АҚШ президентіне алғыс білдіріп, Ақ үйдің Құрметті қонақтар кітабына АҚШ-тың Ливанның егемендігін, заңды мемлекеттік институттарын және Ливан Қарулы күштерін қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын жазды.

Израиль әскері Ливанның оңтүстігінен толық шығарыла ма деген сұраққа Трамп:

– Олар бұл үдерісті бастап кетті. Әскерін қайта орналастырып жатыр, – деп жауап берді.

АҚШ әкімшілігі Ливанда бейбітшілік орнатуға ұмтылғанымен, қазіргі уақытта Иран төңірегіндегі жағдайға көбірек назар аударып отыр. Бұған дейін Трамп Иран басшылығымен жаңа келіссөздер жүргізуге әзірге қызығушылығы төмен екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Трамп Иран келіссөзге оралмаса, көпірлерін тас-талқан ететінін ескертті.