Трамп фейк жаңалықтармен күресте 36 млн доллар өтемақы өндірді
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп фейк жаңалықтар тарататын БАҚ-қа қарсы күресте ірі жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Трамп TruthSocial парақшасында CBS, Paramount және «60 минут» бағдарламасына қарсы сот ісінде 16 млн доллар өтемақы өндірілгенін, ал болашақта жалпы сомасы 36 млн долларға жетуі мүмкін екенін айтты. Ол мұны «ақпараттық алаяқтықпен күрестегі маңызды жеңіс» деп атады.
Президент сондай-ақ CNN, The Washington Post, The New York Times, MSNBC секілді жетекші медиаларға ескерту жасап, оларды «жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартамыз» деді.
Сонымен қатар ол тележүргізушілер Джимми Киммел мен Джимми Фэллонды сынға алды, оларды «талантсыз және телеарналарды құртқан тұлғалар» деп атап, эфирден кетуін «қуанышты жаңалық» деп бағалады.
Трамп сондай-ақ:
-
«Америка дауысы» агенттігінің 600-ге жуық қызметкерін жұмыстан босатты;
-
Meta, ABC News және Wall Street Journal медиаларымен соттасып, миллиондаған доллар өтемақы талап етті.
Бұл - Трамптың президент ретінде бірінші рет сотқа шағымдануы. Алайда сарапшылар оның мұндай әрекеттері баспасөз бостандығын шектеуге ұмтылу болуы мүмкін екенін ескертеді.
Айта кетейік, Обама Трамптың мемлекетке опасыздық жасады деген мәлімдемесін жоққа шығарды.