Трамп Ирандағы жағдайға байланысты ұлының үйлену тойына қатыспауы мүмкін
АСТАНА.KAZINFORM - Дональд Трамп ұлы Дональд Трамп кіші мен Беттина Андерсонның үйлену тойына қатыса алатынына сенімді емес. АҚШ президентінің айтуынша, қазір ол үшін «қолайлы уақыт емес», себебі ол халықаралық мәселелермен, ең алдымен Ирандағы жағдаймен айналысып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.
Трамп отбасылық іс-шараға қатысқысы келетінін, бірақ мемлекеттік істер маңыздырақ екенін атап өтті.
АҚШ Президенті сонымен қатар БАҚ-тың реакциясына қатысты әзілдеп, үйлену тойына қатысса да, қатыспаса да сынға ұшырайтынын айтты.
Осыған қарамастан, ол шаңырақ көтерген жұпқа бақыт тілеп, ұлының қалыңдығына жоғары баға берді.
АҚШ президенті ұлының үйлену тойы Багам аралдарында өтеді, ал Трамп осы апта соңында Нью-Джерсиде болуы тиіс. Кіші Трамптың Ванесса Трамппен үйленгеніне 13 жыл болды, олардың екі баласы бар. Одан бұрын ол Кимберли Гилфойлмен некелескен, оны президент 2025 жылы Кіші Трамппен ажырасқаннан кейін Грециядағы АҚШ елшісі етіп тағайындаған.
Бұған дейін Трамп Иранға жоспарланған шабуылды тоқтатқан болатын.