Трамп медициналық тексеруден және деменция сынағынан өтті
АСТАНА.KAZINFORM - Америка президенті жоспарлы медициналық тексеру кезінде когнитивті тестілеуден өтті, деп хабарлайды DW.

78 жастағы саясаткер мұндай сараптамадан бас тартқан бұрынғы президент Джо Байденнен басқаша әрекет етуді шешкенін айтты.
- Мен барлық сұрақтарға дұрыс жауап бергенімнен басқа сіздерге не айтарымды білмеймін, - деді республикашыл жұма күні кешке, 11 сәуірде журналистерге.
Алайда ол тест түрі немесе оның нақты нәтижелері туралы мәліметтерді жарияламады.
Трамп бұған дейін де талай рет когнитивті тест тапсырғанын және олардан қателеспей өткенін айтты. Медициналық тексеруден кейінгі жалпы жағдайы туралы да оң пікірін білдірді.
— Жалпы, мен өзімді өте жақсы формада сезіндім. Жүрегім тыныш, жаным жомарт, - деді ол.
Тест нәтижесі 13 сәуірде жарияланады.
Америка саясатының бір ерекшелігі бар: президенттер ара-тұра өз денсаулықтары туралы ақпаратты жариялайды. Бұл заңмен талап етілмейді, бірақ барлық америкалық мемлекет басшылары ұстанатын салт-дәстүрге айналды.
Дональд Трамп президент ретіндегі бірінші мерзімінде (2017-2021) көпшілік оның ақыл-ой қабілеті мен ел басқаруға жарамдылығына күмәнданды. Содан кейін ол когнитивті тест арқылы осы күмәнді жоюға тырысты. 2018 жылдың қаңтарында ол деменцияны немесе Альцгеймер ауруын ерте анықтау үшін жиі қолданылатын сынақтан өтті. Содан кейін Трамп максималды ұпайға - 30 ұпайдан 30 ұпайға ие болып, онысын мақтан тұтты. Ол бұрын өзін «өте тұрақты данышпан» деп сипаттаған.
Айта кетейік, Дональд Трамп Қытайға баж салығын 145 пайызға дейін көтерді.