Трамп Мексикамен арадағы қабырғаны қара түске бояп тастауды бұйырды

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм сейсенбі күні АҚШ пен Мексика арасындағы қабырға заңсыз миграцияға тосқауыл болу үшін басынан соңына дейін қара түске боялатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CBS News.

Трамп поручил покрасить стену на границе с Мексикой в черный цвет
Фото: picture-alliance/ZUMA/G. Moon

Оның сөзінше, бұл іс Дональд Трамптың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр.

Ноэм арнайы сапары барысында қабырғаның Нью-Мексикодағы бөлігіне шығып, оны сырлай бастады.

Ол Ішкі қауіпсіздік министрлігінің металдың барынша қыза түсуі үшін қара түсті пайдаланатынын мәлімдеді.

- Бұл президенттің арнайы тапсырмасы. Ол мұндағы ауа температурасының жоғары деңгейінде қандай да бір затты қара түске бояса ол қызып тұратынын, соған қарай қабырғаға шығу да қиындайтынын меңзеді, -деді Кристи Ноэм.

Осы шараға Ноэммен бірге қатысқан АҚШ Шекара қызметінің бастығы Майк Бэнкс қара түстің сонымен қатар темірдің шіруден сақтайтынын айтты.

Мексика президенті АҚШ-пен шекарадағы жаңа қабырға құрылысына қарсы шықты.

 

Соңғы жаңалықтар