Трамп шатдаунды тоқтату үшін түрлі амал іздейтінін айтты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп қазір уақытша тоқтатылған АҚШ үкіметін қаржыландыруды ішінара қайта бастауға мүмкіндік беретін заң жобасын Өкілдер палатасында қабылдауға тырысатынын айтты. Бұл туралы Report агенттігі жазды.

Трамп
Фото: Синьхуа

Америкалық көшбасшы өз мәлімдемесін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

— Мен спикер Майк Джонсонмен сенат өткен аптада қабылдаған ағымдағы қаржыландыру туралы келісімді палатада мақұлдап, өз жұмыс үстеліме әкеліп, оған дереу қол қоюым үшін көп жұмыс істеп жатырмын. Біз Үкіметтің жұмысын жалғастыруды қамтамасыз етуіміз керек. Барлық республикашылар мен демократтар менімен бірге бұл заң жобасын қолдайды деп үміттенемін, — деп жазды Трамп. 

АҚШ президенті қолда бар заң жобасын өзгертуге қарсы болды.

— Біз мәселелерді шешу үшін адал жұмыс істейтін боламыз, бірақ республикашылдар да, демократтар да елімізге айтарлықтай зиян келтіретін тағы бір ұзақ, мағынасыз және жойқын құлдырауға жол бере алмаймыз, — деп қосты ол.

Еске сала кетейік, АҚШ-та ішінара шатдаун басталды. Дегенмен бұл жолы оның қысқа мерзімді болатыны болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар