Трамп Үндістан мен Пәкістан бітімге келгені туралы хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарлауынша, Үндістан мен Пәкістан «бірден және толық атысты тоқтату» жөнінде келісімге келді, деп жазды BBC.  

Трамп Үндістан мен Пәкістан бітімге келгені туралы хабарлады
Фото: АА

— АҚШ-тың делдалдығымен өткен ұзақ келіссөз түнінен кейін мен Үндістан мен Пәкістанның атысты толық және дереу тоқтату жөнінде келіскенін қуана хабарлаймын, — деп жазды Трамп TruthSocial әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Алайда, келісімнің нақты шарттары әлі жарияланған жоқ. Екі ел де бұл мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірмеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Пәкістан мен Үндістан билігімен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жасауға жәрдемдесуге дайын екенін жеткізген еді.

Айта кетейік, 10 мамырға қараған түні Пәкістан үкіметі Үндістанға қарсы арнайы әскери операция басталғанын мәлімдеп, жағдай шиеленісе түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар