Трамп жаңа сауда келісімі жасалғанын мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Осыған дейін АҚШ президенті АҚШ-тың алғашқы сауда келісім туралы доғал кабинетте өтетін баспасөз мәслихатында хабарлайтынын мәлімдеген болатын.

п
Фото: mezha.net

- Бұл Құрама Штаттар мен Біріккен Корольдік үшін ерекше толғандыратын күн болуы керек. Доғал кабинеттегі баспасөз мәслихаты таңғы сағат онда болады. Рахмет!, - деп жазды Дональ Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде бірінші келісімнің Ұлыбританиямен жасалғанын меңзей отырып.

Кешірек ол Біріккен Корольдікпен жасалған келісім толық әрі барлық саланы қамтитытын жеткізді.

- Біріккен Корольдікпен жасалған келісім, толық әрі барлық саланы қамтиды. Ол Құрама Штаттар мен Біріккен Корольдіктің қарым-қатынасының алдағы көптеген жылдар бойы жақын болуына ықпал етеді. Біздің ұзақ жылдарғы тарихымыз бен бір-бірімізге деген сенім үшін Біріккен Корольдіктің бізбен алғашқы келісім жасаушы болғаны үлкен мәртебе. Бұдан кейін де талай келісімдер жасалады. Олардың көпшілігі қазір пысықталу үстінде, - деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Трамп осыған дейін АҚШ-тың хуситтерге шабуылды тоқтататынын мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар