Трамп жасанды интеллект күштерін құратынын айтты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп 2019 жылы құрған Ғарыш күштеріне ұқсас жасанды интеллект күштерін құратынын жариялады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
– Бірінші президенттік мерзімімде үлкен табысқа жеткен Ғарыш күштерін құрғаным сияқты жасанды интеллект күштерін құрып жатырмын. Осыған байланысты жақын арада жасанды интеллект [күштері] жетекшісін тағайындайтынымды жариялаймын, - деп жазды АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде.
Дональд Трамп жасанды интеллект жаңа өнеркәсіптік революция немесе жаңа интернет екенін, бірақ одан да ауқымды және тиімдірек болатынын, АҚШ ЖІӨ-нің 25%-ын қамтуы мүмкін екенін атап өтті.
– Біз Қытайдан және әлемнің қалған бөлігінен алдамыз және мен бұл артықшылықты сақтап қалғым келеді! - деп мәлімдеді АҚШ президенті.
Дональд Трамп АҚШ Қарулы Күштерінің жаңа тармағын құру туралы айтып отырғанын нақтыламады.
Еске сала кетейік, Трамп CNN, MS NOW және Politico-ны Ақ үйге кіргізуге тыйым салатынын айтқан еді.