Трамп жел энергетикасын дамыту бағдарламасын тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті «оффшорлық жел энергетикасына» қатысты жобалар бойынша жұмысты тоқтатуға бұйрық берді, деп хабарлайды Euronews

Трамп сворачивает программу развития ветроэнергетики
Фото: DALL-E

Мұхит энергетикасын басқару бюросы (BOEM) Техас, Луизиана, Мэн, Нью-Йорк, Калифорния және Орегон жағалауларында, сондай-ақ орталық Атлант мұхитында турбина салу үшін 1,42 млн гектардан астам жерді бөлу туралы шешімін өзгертті.

Бұл — Дональд Трамп әкімшілігінің елдің энергетикалық саясатындағы өзгерісті танытатын кезекті қадам.

Өткен жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден жел энергетикасын дамыту үшін федералды қайраңды аймақтарды жалға алудың бес жылдық кестесі туралы жариялады.

Алайда Трамп қызметіне кіріскеннен бері бұрынғы басшының шешімдерін біртіндеп өзгертті. Осылайша, ол мұнай, газ және көмір өндіруді ұлғайтуға бағытталған бірқатар атқарушы бұйрықтарға қол қойды.

Өткен аптада АҚШ Ішкі істер министрі Даг Бургум сенімсіз деп аталған жел және күн электр станциялары үшін жеңілдік режимі тоқтатылатынын жариялады. 

Сондай-ақ энергияны дамытуды жерді пайдаланудың басқа түрлерімен теңестіру үшін құрлықтағы жел әлеуеті жоғары федералдық жер учаскелерін алып қою мәселесі қарастырылып отыр. 

Ақ үй басшысының қазба отынды пайдалану бағдарламасы бұған дейін климат ғалымдары мен экологтердің сынына ұшыраған болатын.

Олар АҚШ Энергетика министрлігін климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну мәселелерін, сондай-ақ бүкіл әлемдегі климаттық апаттар мен экстремалды ауа райы жағдайларын елемейді деп айыптап отыр. 

Шотландияға сапары кезінде Трамп Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен өткен баспасөз мәслихатында жел энергиясын «жұмыс істемейтін» «алаяқтық» деп атады.

Бұған дейін күн энергиясы алғаш рет ЕО-да негізгі энергия көзіне айналғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар