Трамп жұбайының Байденнің ұлына қарсы арызын қолдады
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп жұбайы Меланияның Ақ үйдің бұрынғы басшысының ұлы Хантер Байденді сотқа беру ниетін қолдады, деп хабарлайды CNN.

Трамп бейсенбі күні Мелания Трамптың адвокаттары Хантер Байденді сотқа береміз деп қорқытып жатқанын растады.
— Білесіз бе, мен соңғы уақытта бұл сот істерімен жақсы айналысып жүрмін. Мен: «Берілмеңіз» дедім. Джеффри Эпштейннің Мелания екеуміздің кездесуімізге еш қатысы жоқ еді. Бірақ олар солай жасап отыр. Олар әңгіме құрастырып келеді, — деді ол.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден кинорежиссер Эндрю Кэллагэнге ерлі-зайыпты Трамптар 2019 жылы балаларды сексуалдық сатуға қатысты федералдық айыппен тұтқындалған, бірақ сотқа дейін түрмеде өз-өзіне қол жұмсаған Эпштейн арқылы кездескенін мәлімдеді. Оның өлімі өз-өзіне қол жұмсау деп танылса да, Трамптың кейбір жақтастары оны кәмелетке толмаған қыздарға сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысқан беделді адамдардың есімдерін жарияламау үшін өлтірілді деп санайды.
Бірінші ханымның адвокаты Хантер Байден мен оның адвокатына Эпштейннің танысуға қатысы бар деген айыптауды «жалған, теріс, жала жабушы» делінген хат жіберді.
Меланияның тарапы Байденнен оның сөзін теріске шығарып, кешірім сұрауын талап етіп, әйтпесе «1 млрд доллардан астам сомаға» сот ісі болатынымен қорқытты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Wall Street Journal газетінің баспагері, медиамагнат Руперт Мердокқа және журналистерге Джеффри Эпштейнге арналған ашықхат туралы мақалаға байланысты жала жапқанын айтып, сотқа бергенін жазған болатынбыз.