Трамптың байлығы қыркүйек айынан бері 1,1 миллиард долларға азайған

АСТАНА. KAZINFORM —  АҚШ президенті Дональд Трамптың байлығы 2025 жылдың қыркүйегінен бері 1,1 миллиард долларға азайып, қазір оның қоры 6,2 миллиард доллар болды, деп хабарлайды Report.

Трамп
Фото: instagram.com/realdonaldTRUMP

Forbes журналының мәліметінше, шығын қыркүйекте шамамен 17 АҚШ долларына саудаланған Trump Media & Technology Group акцияларының бағасының төмендеуіне байланысты болды. Қазіргі уақытта компанияның бір акциясын 10,30 долларға сатып алуға болады.

Америкалық көшбасшы Forbes миллиардерлер тізімінде 595-орында тұр. Журнал қыркүйек айының басында Трамптың байлығы 7,3 миллиард долларға жетіп, оны әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 201-орынға орналасты, деп хабарлады.

Айта кетейік, мамыр айында Forbes тізіміне енген Қазақстандағы ең ауқатты адамдар рейтингі жаңарды.

Журнал 2025 жылғы әлемнің ең бай адамдар тізіміне 7 қазақстандық кәсіпкерді енгізді.

Соңғы жаңалықтар