«Транстелеком» АҚ бұрынғы вице-президенті 6 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Алмалы аудандық соты «Транстелеком» АҚ бұрынғы вице-президенті М. Абдрахмановты 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Көлік бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
None
None

Оған ҚР ҚК 176 бабының 3 тармағы, «б» тармақшасы (ірі көлемдегі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) және 228 бабы (қызметін асыра пайдалану) бойынша айып тағылған. Алғашқы бап бойынша судья М. Абдрахмановқа мүлкін тартып алып, 6 жылға бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен бірге айыпталушы 2 жыл қатарынан белгілі қызметті атқара алмайтын болды. Экс-топ-менеджер жазасын жалпы режімдегі түрмеде өтейді. 228 бабы бойынша М. Абдрахманов мерзімнің аяқталуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

«М. Абдрахманов «Транстелеком» АҚ үшін талаптардың тиімсіздігін біле тұра «KT&T» ЖШС-нің пайдасына заңсыз консорциумдық келісімге қол қойып «Акционерлік қоғамдар туралы» заңды бұзуда айыпты деп танылды. Бұл әрекет аталған серіктестікке ірі көлемде қаражат аударуға әкелді», - делінген хабарламада.

Келісімнің тиімсіздігі 2013 жылы 14 тамыздағы ҚР Жоғарғы сотының сот актісінде анықталды. Оған сәйкес «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ шағымдануымен консорциумдық келісім іс-әрекетін жойды.

Соңғы жаңалықтар