Тренингтер азаматтарымызға психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Тренингтер азаматтарымызға психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында уәкілетті органдарға сауал жолдаған депутат Жарқынбек Амантайұлы айтты.

коуч
Коллаж: Kazinform/ Canva

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министріне сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан әскери қызметті таңдайтын жастардың саны жылдан-жылға азайып бара жатқанына алаңдаушылық танытты.

- Бүгінде жарнамасы жаңғырып тұрған тренингтер азаматтарымызға пайда емес, керісінше, рухани, психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отыр. Мысал келтірейін. vybor.kz интернет платформасы арқылы өз қызметін белсенді түрде насихаттайтын MINDFULNESS оқу орталығы үш сатылы тренинг ұсынады. Бірінші, жалпы курс – 50 000 мың теңге. Екінші, трансформациялық курс – 95 000 мың теңге. Үшінші, көшбасшылықты дамыту курсы – 150 000 мың теңге. Онлайн форматтағы «эмоционалдық еркіндік» курсының құны 200 000 мың теңгеге жетеді. Осындай «креативті ойлауды», «тиімді коммуникацияны», «шешен сөйлеуді» тегін үйретеміз деп уәде беретін орталықтар да аз емес. Олардың қатарында шетелдік «Вектор», «Лидер-мотиватор» секілді атаумен жұмыс істейтін орталықтар бар, - деді ол.

Мәжіліс депутатының айтуынша, олардың барлығының жұмыс істеу әдісі бір. Таңертең қатысушылардың телефондарын жинап алады. Одан кейін психологиялық және моральдық қысымға негізделген «ақыл-кеңестер» арқылы адамның жеке кеңістігіне қол сұғып, санасын біртіндеп улайды.

- Содан кейін не болады? Әрине, өзінің талап-міндеттерін оңай орындата бастайды. Курстың бірінші курста адамды көпшілік алдында жеке проблемасын ашық айтуға мәжбүрлейді. Бірі жылайды, бірі айқайлайды, бірі күледі, бірі билейді. Тіпті кейбіріне еденді тілімен жалау, бір-бірінің түкірігін ішкізу сияқты айтуға ауыз бармас сорақы әрекеттер жасатады. Екінші курста жағдай одан әрі ушығады. Қатысушыларға әлеуметтік рөлін өзгерту міндеттеледі: ер адамға әйел киімін киіп, көшеде жүру тапсырылуы мүмкін немесе өзін «бомж» кейпіне салып, қоқыс маңында тамақ жеу талап етіледі. Осылайша бұл тренингтер адам санасын тәжірибе алаңына айналдырады. Ал курс аяқталған соң қысымның жаңа түрі басталады, - деді Жарқынбек Амантайұлы.

Оның мәліметінше, қатысушыға міндетті түрде үш адамды курсқа тарту талабы қойылады. Орындай алмаса тағы да қорқыту, психологиялық қысым, әуелде өзі әшкерелеген қылмыстары мен айыптарын жариялау, жобадан шығарамыз деген сынды үрей туғызады.

- Ай-күннің аманында қарапайым азаматтарды рухани күйретіп, психологиялық тұрғыда әлсіретіп, қаржылай тонауға жол беруге болмайды. Мұндай сорақылықты тренниг емес, диструктивті секта ретінде қарап, қатаң шара қолдану керек деген пікірлер де айтылады қоғамнан, - деді ол.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаты уәкілетті органдарға төмендегі орынды талапты қарастыруды сұрайды:

- тиісті министрліктер мен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан аталған курстардың бағдарламалық мазмұнына, қолданылатын әдістемелеріне және олардың заңнамаға сәйкестігіне ресми тексеру жүргізу;

- азаматтарды қорлау, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және манипуляция белгілері бар әрекеттерге құқықтық баға беріп, анықталған фактілер бойынша нақты шаралар қабылдау.

- осындай тренингтік бағдарламаларды лицензиялау, сертификаттау және мемлекеттік реттеу тетігін енгізу қарастыру.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдос Сарым эзотериктер мен тренер-коучтерді сынға алған еді.

Соңғы жаңалықтар