Триатлоннан Азия кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасының тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - 9 тамызда Түркістанда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия кубогының кезеңі өтеді.
Елімізде өтетін турнирге 25 қазақстандық спортшы қатысады.
ҚР ҰОК мәліметінше, халықаралық жарыста еліміздің намысын Алуа Нұрмұхамет, Калерия Шнайдер, Софья Колюка, Сара Маралбекова, Даяна Карим, Рамазан Әйнегов, Матвей Шевнин, Арсений Шевченко, Альхам Мұрат, Гор Депершмидт, Нұрасыл Сапарбек, Владимир Пильтяев, Еламан Балабаев, Фёдор Кузнецов, Бекасыл Есімхан, Яромир Пяк, Александр Синельник, Филипп Дёмин, Мұхамедияр Әлімжан, Артём Бедрин, Әлинұр Ерғалиұлы, Рамазан Анарбай, Ералы Сейітбек, Даниал Жаңабек және Ярослав Марсов қорғайды.
Айта кетейік, 8 тамызда ересектер арасында жарыстар өтеді.
Қазақстан су добынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сингапурды жеңгенін жазған болатынбыз.