Триатлоннан Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Сюйчжоу қаласында триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық біріншілігінде спортшылар үш жас санаты бойынша сынға түседі. 

Триатлоннан Қытайдағы Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
Фото: ҰОК

Жарысқа қатысушылар «суперспринт» дисциплинасында бақ сынап, ересектер, жасөспірімдер және 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүлделерді сарапқа салады.

World Triathlon халықаралық федерациясының мәліметіне сәйкес, Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:

Ересектер: Арлан Жаңабай, Темірлан Теміров, Дарын Қонысбаев, Егор Крупяков, Александр Тен, Аян Бейсенбаев, Диана Ержанова.

Жасөспірімдер: Гор Депершмидт, Рамазан Әйнегов, Еламан Балабаев, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер, Алуа Нұрмұхамет.

U15: Матвей Павлов, Хайдар Исмаилбаев, Айтуған Күмікбаев, Александр Суховольский, Алтынай Нұрланқызы, Ясмина Бузуртанова.

Азия чемпионаты 13-14 маусым күндері өтеді.

Айта кетелік Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты: Ұлттық құраманың тізімі жарияланған еді