Триполидегі ұшақ апатына экипаж кінәлі болып шықты

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Ливиялық авиалайнердің апатын тексеру жөніндегі комиссия, апатқа «адам факторы» себеп болған, деген қорытындыға келіп отыр. Комиссия жетекшісі Наджи Лау мырза жария еткен сарапшылардың алдын-ала мәліметтері бойынша,
None
None

лайнер техникалық тұрғыдан ақаусыз болған. «Апат болғанға дейін ұшақтың жұмысында техникалық ақаудың орын алғанын қуаттайтын ешқандай дәлел жоқ»,- деді сарапшы борттың «қара жәшігіндегі» жазбаларға жүргізілген тексеруден кейін.

Комиссия сондай-ақ лайнер бортында жарылыс болу немесе өрт шығу ықтималдығын да жоққа шығарды. Лаңкестік әрекет туралы долбар да теріске шығарылып отыр.

«Ұшақ кенеттен жерге құлаған кезге дейін, қалыпты режимде ұшып келе жатқан», деп атап көрсетті Наджи Дау. Жария етілген мәліметтер әлі толық деректер емес, комиссия жұмысы әлі де жалғасуда, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Соңғы жаңалықтар