Триполидегі ұшақ апатында сегіз жасар бала тірі қалды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Ливия астанасының әуежайында апатқа ұшыраған «Аэробус-330» жолаушылар ұшағы құлаған жерден құтқарушылар тірі қалған голландтық сегіз жасар баланы тауып алды. Барлығы 103 адам: 93 жолаушы мен 11 экипаж мүшесі қазаға ұшыраған, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Триполидегі ұшақ апатында сегіз жасар бала тірі қалды

Afriqiyah Airways авиакомпаниясының лайнері Триполиде жергілікті уақытпен 06:00 сағатта (мәскеу уақытымен 08:00) апатқа ұшыраған. Ұшақ Иоханнесбургтан (Оңтүстік Африка Республикасы) Лондонға бет алған.