Тіркеуі жоқ азаматтар референдумға қалай қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Дауыс берушілер референдум күні тіркелген жері бойынша учаскеге баруы тиіс. Ал ешқайда тіркелмегендер учаскелерге 1 тәулікке тіркелуге мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.
— Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіліп, дауыс беру үшін оған бюллетень ұсынылады, — деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, референдум күні 10 402 учаске жұмыс істейді.
Сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін 54 шет мемлекетте 71 учаске ашылды.