ТШО бірінші жартыжылдықта Қазақстанға төлемді екі есеге қысқартты
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Теңіз және Королевкий кен орнында кен өндіретін «Теңізшевройл» ЖШС бірінші жартыжылдықта Қазақстанға екі есеге қысқартты.
«Теңізшевройл» ЖШС 2016 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстанға тікелей 2,6 млрд доллар төлеген», - деп хабарлады компания баспасөз қызметінде.
Өткен жылы ТШО ұқсас кезеңде мемлекетке 5,2 млрд. доллар, ал 2015 жылы барлығы - 8,3 млрд. доллар төледі. 2016 жылдың бірінші жартысында шикізат мұнайын өндіру көлемі 14,4 млн. тонна немесе 114,8 млн. баррелді құрады.
Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылған. Әлемдегі тереңнен мұнай өндіретін ірі кен орындарының бірі. «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде 1993 жылы 6 сәуірде құрылды.
Қазіргі уақытта ТШО әріптесті «Шеврон» 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% және СП «ЛукАрко» - 5%. Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,2 миллиарда тонна (25,5 млрд. баррель) және Королевский кен орнында 200 миллион тоннаны (1,6 млрд. баррель) құрайды. Теңіз және Королевский кен орнында алынған мұнай запасы 800 миллионнан 1,3 миллиард тоннаға дейін (6,4 - 10,7 млрд. баррель). Теңіз кен орнының коллекторының ені 20 шақырым, ұзындығы 21 шақырым.