18:20, 17 Желтоқсан 2025 | GMT +5
«ЦОН» мобильді қосымшасында электронды сенімхат рәсімдеу бойынша жаңа сервис іске қосылды
АСТАНА.KAZINFORM — Мемлекеттік корпорация «ЦОН» мобильді қосымшасында электронды сенімхат рәсімдеу бойынша жаңа сервисті іске қосты. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
— Бұл сенімхат арқылы азаматтар МХҚКО-дан дайын құжаттарды ала алады, көлік құралдарын тіркеуді және тіркеуден шығару қызметін, сондай-ақ техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмір белгілерінің телнұсқаларын рәсімдей алады, — делінген хабарламада.
Сенімхатты рәсімдеу бірнеше минутты қажет етеді және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Мемлекеттік корпорацияның дерегінше, қызмет бағасы — 500 теңге.
Айта кетейік, eGov және мемлекеттік сервистерге кіру қауіпсіздігі күшейтілді.