Ту-154 бортында қаза болған Глинканың есімі РФ әскери медициналық мекемесіне беріледі

Мұндай шешімді Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ресей Жаңалықтары агенттігіне сілтеме жасап.
«Әділетті көмек» қорының гуманитарлық көмегі өзге бортпен жіберілген болатын. Ол Хмеймим әуежайына келіп қонды. Әрине, Е.Глинканың ісін соңына дейін жеткіземіз. Негізі бұл оның Сирияға жасамақ болған алғашқы сапары емес... Қорғаныс министрі медициналық мекемелеріміздің біріне оның есімін беру туралы шешім қабылдады», - деді журналистерге РФ қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Руслан Цаликов.
Сирияға бет алған Ту-154 ұшағы жексенбі, 25 желтоқсан күні Қара теңізге құлаған болатын. Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, ұшақ бортында 92 адам болған - сегіз экипаж мүшесі және 84 жолаушы. Жолаушылар арасында сегіз әскери, Александров атындағы ансамбльдің 64 артисі, ресейлік федералдық телеарналардың үш өкілі, екі федералды мемлекеттік қызметкер және Доктор Лиза атымен танымал «Әділетті көмек» қайырымдылық қорының басшысы Елизавета Глинка болған.