21:48, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Туберкулез ауруының көрсеткіші төмендеді ? Жамбыл облысы
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Туберкулез ауруының таралуы Жамбыл өңірі үшін әлеуметтік маңызды мәселеге айналған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бастығы Вадим Овсянниковтың айтуы бойынша, әлеуметтік маңызды кеселдің облыстағы жағдайы қалыпты деңгейде сақталуда. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2007 жылғы 120,9-дан 2008 жылы 117,6-ға дейін азайды. Облыстағы туберкулезден қайтыс болғандар саны да кеми түсіп, 100 адамға шаққанда 2007 жылғы 18,9-ға қарағанда, 2008 жылы 15,1-ге дейін кеміді. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің зертханалық корпусына қайта жөндеу жұмыстары басталды. Жаңа қондырғылар сатып алу үшін 32,5 млн, теңге бөлінді, сондай-ақ, 78,5 млн, теңгеге қазіргі заманғы сәулемен диагностика жасайтын жаңа аппарат сатып алынды.Туберкулез ауруларын тамақтандыру бағасы 2007 жылғы 285 теңгеге қарағанда 464 теңгеге өсті.