Туберкулезбен күресте жаңа қадамдар қажет - ғалымдар пікірі

АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Халықаралық ғалымдар тобы туберкулезбен күресте жаңа қадамдар керек екенін мәлімдеді.
None
None

Бұл туралы ВВС хабарлады.

Lancet атты британдық медициналық журналдағы мақалада ғалымдар аталған індет бойынша қатер тиісті деңгейде бағаланбай отырғанын айтады. Себебі, бұл дерттің емделмейтін түрлері пайда болуда және бұған антибиотиктер мүлдем әсер те алмайды екен.

Олардың ескертуіне қарағанда, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның кейбір өңірлерінде туберкулезге шалдыққан жағдайдың үштен бір бөлігіне дейін ем-дом әрекеттері қауқарсыз болып жатады.

Мақала авторларының бірі, Лондонның университеттік колледжінің профессоры Алумуддин Зумла туберкулезді емдеуге арналған антибиотиктердің жаңа түрі әзірленгенін, алайда оларды дұрыс пайдалану керектігін, әсіресе өмір сүру деңгейі төмен елдерде бұл қағидалар естен шықпауын ескертіп отыр.

Соңғы жаңалықтар