14:50, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Туған күнінде найзағай соғып, ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Краснояр өлкесіндегі Емельянов ауданы, Есаулово ауылында 57 жастағы жергілікті тұрғынды туған күнінде найзағай соққан, деп жазды "Комсомольская правда-Красноярск".
Туған күн иесі, әйелі және анасы тіркемесі бар мотоблокпен Енисей жағасына бара жатып, найзағайлы жауын астында қалған. Олар брезентпен бүркенбек болғанда, мотоблокқа жай түскен. Ер адам жоғары разрядтағы ток алып, оқиға орнында көз жұмды.