Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Туған жеріңді таны - өзіңді анықта» атты танымдық экскурсия бастау алды

КӨКШЕТАУ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Ақкөл ауданынан шыққан «Туған жеріңді таны - өзіңді анықта» атты туристік-танымдық керуен Ерейментау арқылы Баянауылға бет алды,

 «Туған жеріңді таны - өзіңді анықта» атты танымдық экскурсия бастау алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Танымдық бағыттағы саяхатқа шыққан жергілікті мектеп оқушылары, колледж түлектері, аудандық мәслихаттың депутаттары, тарих пәнінің ұстаздары, мәдениет және ақпарат құралдары өкілдерінен жасақталған топтың бұл  алғашқы сапары емес. Бұған дейін Еңбекшілдер ауданында Біржан сал жүрген жерлерде, Бұланды ауданында Балуан Шолаққа қатысты тарихи орындарда болған еді. Олар жол бойында жергілікті жердің табиғат сұлулығын тамашалап, тарихи құндылықтармен танысып, елге есімі мәлім азаматтар, өнер қайраткерлері жайында құнды материалдар жинақтамақ. Соның негізінде бейнефильм түсіріліп, фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылатын болады. Жолжазба бойынша деректі жинақ құрастыру ойластырылған. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы аудандық филиалы мен  «Ақкөл-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесіп қолға іс-шара жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеп, туған жерінің байлығынан, сұлулығынан хабардар болуына жәрдемдеспек.