«Тұлға теориясы»: Jibek Joly арнасы деректі фильмдер циклін бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Jibek Joly телеарнасы көрерменге «Тұлға теориясы» атты жаңа деректі фильмдер тізбегін ұсынбақ. Жобаның 12 қыркүйекке жоспарланған алғашқы саны белгілі актер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовке арналып отыр.

«Тұлғалар теориясы»: Jibek Joly арнасы деректі фильмдер циклін бастады
Фото: видеодан алынған скрин

Жобаның синопсисінде деректі фильмдер тізбегі қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде, ғылымы мен өнерінде, мемлекет және қоғам өмірінде айшықты із қалдырған аңыз тұлғаларға арналатыны айтылған. Бағдарлама авторлары ел жадында қалып, ұлттық болмыс пен құндылықтардың сақталуына үлес қосты деп есептейтін жандарды іріктеп алып, солардың көзін көріп, сөзін естіген замандастарының естелігі мен сыр-сұхбатын таспаға түсіріп отыр.

Асанәлі Әшімов отбасымен
Фото: видеодан алынған скрин

Ұжымның алғашқы таңдауы – Асанәлі Әшімов. Бұл деректі фильмде кейіпкердің өз аузынан тұлға болып қалыптасу жолындағы ең маңызды, ең әсерлі сәттер баяндалады.

Бұған дейін Jibek Joly телеарнасы Silk Way Prime брендімен халықаралық нарыққа шыққанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар