08:35, 03 Қазан 2013 | GMT +5
«Тұлпар» УЕФА Кубогындағы бірінші ойынын тең ойнады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандының «Тұлпары» футзал бойынша УЕФА Кубогындағы негізгі раунд аясындағы бірінші ойынын харьковтық «Локомотивпен» өткізіп, 2:2 есебімен ұпай бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші таймда Николай Белоцеркивец пен Дуглас гол авторлары атанса, ойынның екінші жартысында Дмитрий Камеко мен Шыңғыс Есенаманов көзге түсті. Кездесудің соңында ойын алаңынан Дәурен Нұрғожин аластатылды.
Бүгін, «Тұлпар» Монтебеллунылық «Марка» клубымен ойнайды.