Тұман, көктайғақ, екпінді жел - 5 қаңтарға жасалған күн райы болжамы

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Kazinform. 

Жауын-шашын, жел: 26 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.