Тұман, найзағай және шаңды дауыл: 15 өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM - 5 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Найзағай
Фото: Pixabay

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады. Көкшетауда да өрт қаупі жоғары.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жаңбыр аралас қар) болады. Күндіз облыстың таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай болады. Түнде таулы аудандарда кей уақытта тұман түседі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында өрт қаупі төтенше деңгейде, солтүстігінде жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Іле Алатауының тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде кей уақытта тұман түседі.

Күндіз Атырау облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Атырауда да өрт қаупі төтенше деңгейде.

Ақтөбе облысында күндіз жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысы мен солтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде. Ақтөбеде де өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Жел солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Өскеменде түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Таразда да өрт қаупі төтенше деңгейде.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде, облыстың солтүстік-батысында жоғары деңгейде сақталады. Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Облыстың орталығында, солтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Қостанай облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысында өрт қаупі төтенше деңгейде, облыстың орталығында жоғары деңгейде сақталады. Ақтауда өрт қаупі төтенше деңгейде.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде болады.

Ұлытау облысында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады. Жезқазғанда да өрт қаупі төтенше деңгейде.

Осыған дейін Ақмола облысында дала өрті орманға тарап кеткені туралы жаздық.