«Тұмар» телевизиялық бәйгесінің номинанттары жарияланды

Құрамына медиа индустриясының отандық және халықаралық өкілдері енген қазылар алқасы өз категориясы бойынша үздік атағына қырық үміткерді іріктеп алды. 13 наурыз күні Казмедиа Орталығының Конгресс-холлында естелік статуэтка мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық иегерлерінің есімдері белгілі болады.
«Ұлттық бәйгенің мақсаты – кәсіби мамандармен әділ бағалауды ұйымдастыру арқылы қазақстандық телеиндустрияның дамуына үлес қосу. Қазылар алқасының алдында берілген жобалардың барлығын қарап-талдау және оларға әділ баға беру сияқты күрделі міндет қойылды», - дейді« Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директоры орынбасары Махаббат Есенова.
Шара барысында Ұлттық телевизиялық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды.
«Тұмар» 2020 жылғы шорт-парағына енген жобалар:
Үздік телевизиялық сериал.
1. «Аналық сезім» («31 арна» телеарнасы)
2. «Орбұлақ шайқасы» («QAZAQSTAN» телеарнасы)
3. «Келинжан» («Kazakh TV» телеарнасы)
4. «Bir toqsan» («Gakku» телеарнасы)
Үздік деректі фильм:
1. «Легенда марафона. Ощущение личной свободы» («Qazsport» телеарнасы)
2. «Тайны. Судьбы. Имена» («Хабар» телеарнасы)
3. «Соседи» («ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасы)
4. «Dreamer» («Арманшыл») («Kazakh TV» телеарнасы)
Үздік ток-шоу:
1. «Ashyq alan» («QAZAQSTAN» телеарнасы)
2. «Астарлы Ақиқат» («КТК» телеарнасы)
3. «Большая неделя» («Хабар» телеарнасы)
4. «AITARYM BAR» (ASTANA телеарнасы)
Үздік ойын-сауық бағдарламасы:
1. «Central Asia’s Got Talent» («Хабар» телеарнасы)
2. «Біздің ауыл -2» (ASTANA телеарнасы)
3. «С миру по нитке» (ҚР «МИР» телеарнасы)
4. «Жұлдызды жекпе-жек» («Хабар» телеарнасы)
Үздік ақпараттық бағдарлама:
1. «AQPARAT» («QAZAQSTAN» телеарнасы)
2. «Главные новости» («Первый Канал Евразия» телеарнасы)
3. «Большие новости» («КТК» телеарнасы)
4. «Новый курс» («Хабар» телеарнасы)
Үздік тележүргізуші:
1. Ерлан Игисинов («Хабар» телеарнасы)
2. Жайна Жақсылықова («QAZAQSTAN» телеарнасы)
3. Дина Төлепбергенова («КТК» телеарнасы)
4. Салтанат Калиева («Basdala Group» ЖШС продюсерлік орталығы)
Үздік тележурналист:
1. Ерлан Бекхожин («Хабар» телеарнасы)
2. Олег Журкевич («Первый Канал Евразия» телеарнасы)
3. Аслан Қаженов («Хабар 24» телеарнасы)
4. Самал Айдаболова («QAZAQSTAN» телеарнасы)
Үздік режиссерлік жұмыс:
1. «Колыбель тюркского мира» (Виталий Попов, «МИР» телеарнасы)
2. «Trails of nomads» (Қуаныш Қожабеков , «Kazakh TV» телеарнасы)
3. «Абайды оқы, таңырқа» (Жансая Копбаева , ASTANA телеарнасы)
4. «Соседи» (Попов Руслан, «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасы)
Үздік әлеуметтік жоба:
1. «Дау-дамайсыз» («КТК» телеарнасы)
2. «Проверено/ Тексердiк» («Хабар 24» телеарнасы)
3. «Акимы / Әкiм» («Хабар 24» телеарнасы)
4. «Анашым, біз үйдеміз» («31 арна» телеарнасы)
Үздік аймақтық телеарна:
1. «Алау-ТВ» телеарнасы
2. «Отырар TV» телеарнасы
3. «Алматы» телеарнасы
4. «SARYARQA» телеарнасы («Қазақстан» РТРК)