21:01, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Тұмау індеті Украинада 633 адамның өмірін қиды
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі елде 2009 жылғы желтоқсанның 27-сіндегі жағдай бойынша тұмаудан және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясынан қайтыс болғандардың саны 633 адамға дейін жеткенін мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның деректері бойынша елде індет басталғалы бері аурудың 3,5 млн. дерегі тіркелген.