13:41, 22 Тамыз 2023 | GMT +5
Тұмау сияқты – Ажар Ғиният коронавирустың жаңа штамы белгілерін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әлем елдерінде тарап жатқан коронавирустың жаңа штамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзінде коронавирустың омикрон түрінің «Eris» штамы анықталды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарасақ, елімізде бұл штамм жоқ. Қытай, АҚШ және Еуропа елдерінде бұл штамның бар екені дәлелденді. Жаңа штамм омикрон белгілеріне ұқсас. Дегенмен онымен ауырған адамда ауру жеңіл өтеді, көбіне тұмау ауруы сияқты өтіп жатыр», - деп пікір білдірді министр Ажар Ғиният.
Еске салайық, бұған дейін коронавирустың жаңа түрі тарағаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Осыған байланысты Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова карантин енгізілуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.