Тұмауға байланысты Бішкек мектептерінде карантин жарияланды

АСТАНА.  Қарашаның  23-і. ҚазАқпарат -    Тұмаудың  өршуіне байланысты  Бішкек мектептерінде  қарашаның  30-ына дейін карантин жарияланды.    Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі осындай     нұсқау    берді,  деп  хабарлайды  «Азаттық» радиосы.

Тұмауға байланысты Бішкек  мектептерінде карантин жарияланды

Өткен аптада   республика мектептерінде тұмауратқан оқушылардың саны 30 пайызға  жетті.    Бішкектің  білім басқармасындағылар, карантиннің әрі қарай  ұзартылу ықтималдығын  жоққа шығармай  отыр.