Тұмауға қарсы ақылы вакцина құны 1800-2500 теңге аралығында болмақ

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Тұмауға қарсы ақылы вакцина құны 1800-2500 теңге аралығында. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма басшысы Айтмағанбет Жолшоринов мәлім етті.
None
None

«Қазақстанда тұмауға қарсы 2 вакцина тіркелген. Оның бірі - Францияда өндірілетін Ваксигрипп, ал екіншісі - Нидерландиядан шығатын Инфлювак вакцинасы. Осы 2 вакцинада адам ағзасына қауіпсіз, сертификатталған. ДДҰ-ның рұқсаты бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мемлекет бюджет қаражаты есебінен халықтың барынша осал топтарын, балаларды, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдерді тұмауға қарсу егу жоспарланған. Сонымен қатар қосымша жұмыс беруші есебінен және ақылы негізде вакциналау көзделіп отыр.

«Ақылы кабинеттердегі тұмауға қарсы вакцинаның құны әрбір өңірде көлік шығыстарына орай 1800-ден 2500 теңгеге дейін», - деді А.Жолшоринов.

Соңғы жаңалықтар