Түмендегі әуе апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейдің Түмен қаласындағы апаттан зардап шеккендер арасындар қазақстандықтар жоқ. 
None
None

Бұл туралы бүгін СІМ-нің  ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«2 сәуірде «ЮтЭйр» әуе компаниясының иелігіндегі жолаушылар ұшағы Түмендегі әуежайда апатқа ұшырағаны туралы бәрімізге мәлім. Қаза тапқандардың отбасына шынайы көңілімізді білдіреміз. Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың қатарында Қазақстан азаматтары жоқ екендігін хабарлаймыз», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар