Түн жамылып, теңізге шыққан браконьерлер қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар теңізге шығу тәртібін бұзған 2 шағын жүзу құралын және бес адамды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
None
None

Еліміздің батысындағы Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Форт Шевченко» заставасының наряды Түпқараған мүйісінің маңайында «Байда» деп аталатын шағын жүзу құралымен жүрген 52 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Тексере келгенде отандасымыздың қолында теңізге шығуға берілетін рұқсат құжаттары болмай шықты.

Дәл осы күні «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Еуразия» заставасының наряды Орал-Каспий арнасының маңайында жүрген еліміздің 4 азаматын ұстады. Олар тәуліктің қараңғы кезінде теңізге шыққан.

Теңізге шығу тәртібін бұзғандар ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 390-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылатын болады.

Соңғы жаңалықтар