Түнгі клубта төбелескен Ақтау полицейлері жұмыстан босатылды

Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: Kazinform

«Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді.

Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.

Соңғы жаңалықтар