Түнгі рейстер, төмен жалақы: Qazaq Air ұшқыштары басшылығына үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасап, жалақы, жұмыс жүктемесі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Qazaq Air
Фото: Qazaq Air

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар мынандай:

  • түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау,
  • командирлердің жалақысын көтеру,
  • екінші пилоттардың жалақысын көтеру және барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.

— Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді, — делінген ведомство хабарламасында.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Qazaq Air әуе компаниясының 49%-ы Sovico тобына, тағы 49%-ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 қазанда Қостанай әуежайында Қостанай – Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағы  әуеге көтерілген кезінде ұшақтың шасси дөңгелегі жана бастаған.

Соңғы жаңалықтар