Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түнгі клубтағы төбелес атыспен аяқталды - Ақтау

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтаулық түнгі «Cube» түнгі клубындағы төбелес атыспен аяқталды. Оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні шамамен сағат үште орын алды.

Түнгі клубтағы төбелес атыспен аяқталды - Ақтау

Ерегіс би алаңында туған, деп хабарлады lada.kz.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, кейін жігіттер би алаңынан мекеменің екінші бөлігіне көшіп, төбелескен. Қару ретінде бөтелкелер, бокалдар, қолға тиген заттардың барлығы пайдаланылды. Төбелескендердің бірі тапанша алып шығып, бірнеше рет атқан.

ІІД баспасөз қызметінде мұндай оқиға болғанын растады.

«Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталды. «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне сәйкес кей ақпарат жарияланбайды», - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев.